Бакбергенова Гулнар Коныратбаевна
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылы №59 орта мектебі
Еңбек өтілі 30 жыл
Республикалық үздік білім беру мамандарының энциклопедиясы «Үздік маман» энциклопедиясына еніп, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік маман» төсбелгісі тағайындалды, 2016 жыл. Аудандық «Үздік сынып жетекші-2014» байқауынан І орын иеленді. 2014 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ІІІ деңгей Сертификат алды, Қызылорда қаласы; 2015 жылы Республикалық Бастауыш сынып мұғалімдері арасында Қашықтық олимпиадасынан Сертификат; Республикалық оқу семинарына қатысқаны үшін Сертификат, ҚР Білім министрлігі «Дарын» орталығы Алматы қаласы; 2016 жылы Аудандық «Болашаққа бағдарланған білім баспалдақтары» семинарда мақтау қағазымен марапатталды. 2016 жылы «Дәстүр мен Дәріс» Республикалық ақпарат-танымдық журналында математикадан үлгі сабағы жарық көрді; «I-SCHOOL GENERATION» Олимпиадалар Лигасынан Жалпықазақстандық олимпиадасына жеңімпаздар дайындағаны үшін алғыс хат беріледі; 2016 ж. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. 2017 ж. Аудандық бастауыш сыныптар мұғалімдері арасында «Ең үздік пән бірлестік жетекшісі-2017» байқауында ІІІ орын; 2017 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында білімін жетілдірді; «SKILLS ACADEMY»ЖШС және Qastest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтының ұйымдастыруымен І Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасында жүлделі ІІ орын иегері атанып, диплом және құрмет грамотамен марапатталды.
Шәкірттері республикалық, аудандық, ауылдық олимпиадалар мен түрлі шаралардан, сондай-ақ өнер саласында ұйымдастырылған байқаулардан топ жарып, үздік нәтиже көрсетіп келеді.