Балгазина Эльвира Омаровна
Жетістіктері
ШҚО, Өскемен қаласы «№46 орта мектебі» КММ
Еңбек өтілі 17 жыл. Жоғары санатты педагог
«Математика пәні бойынша жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындықтың авторлық бағдарламасын жасағаны және жүзеге асырғаны үшін» сертификат берілді. 2015 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие үрдісіндегі көрсеткіштері үшін құрмет грамотамен марапатталды. 2016 жылы «ҰБТ өте жақсы көрсеткіші» үшін еңбек кітапшасына алғыс жарияланды. 2016жылы «Математика пәнін оқыту үдерісінде деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану маңызы» әдістемелік көмекші құралын жасады. Аудандық «Үздік портфолио» байқауынад 1-орын; 2015жылы ұзақ жылғы адал да мінсіз еңбегі және жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. 2015,2017 жылдары математика пәні бойынша жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындықтың авторлық бағдарламасын жасағаны және жүзеге асырғаны үшін Сертификат берілді; «Математикалық сауаттылық есептері» кітапшасын шығарды; 2016ж – Педагогика.кz Республикалық журналы ұйымдастырған «Ұстаздық еткен жалықпас» байқауында «Өзекті педагогикалық мақала» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы 2011-2020 жылдарға бағытталған ҚР білім саласында Республикалық «Ұстаздық еткен жалықпас», «Жүлдегер» даңқын иеленгені үшін сертификат; 2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» олимпиадасында І орын иеленді. Оқушыларды республикалық, халықаралық олимпиадаларда топ жарып, жүлдегерлер қатарынан жиі көрініп жүр.