Бекетаева Гүлшарат Жолайқызы
Жетістіктері
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ орта мектебі
Еңбек өтілі 13 жыл. І санатты педагог
2016 жылы «Жеке тұлғаға бағытталған білім беру жағдайында интербелсенді оқыту әдістері» тақырыбында облыстық біліктілікті арттыру курсы сертификат. 2016 жылы «Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың дайындық мәселелері және білім беру мекемесіндегі педагогті аттестаттаудан өткізу тәртібі» тақырыбындағы облыстық оқыту семинарына қатысты. 2016 жыл «Ақтөбе ұстазы» облыстық мұғалім газетіне жұмысы жарияланды. 2015 жыл «Қазіргі заманғы ғылым мен білімнің дамуы мен келешегі» жас ғалымдардың халықаралық-практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификат берілді. 2016 жыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын арналған «Бірінші болу-батылдық» атты аудандық қайырымдылық марафоны ІІ орын. 2016 жыл «Интеллект» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен білім беру саласы қызметкерлерінің «Педагогикалық ізденіс» Республикалық конкурсында «Әдістемелік әзірлемелер» бағыты бойынша ІІ орын иеленді. 2016 жыл «Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы ұйымдастырған Республикалық «Қарттарым-асыл қазынам» атты эссе байқауына қатысушысымен нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін мадақтамамен марапатталды. 2016 жылы «Менің арманым» Республикалық байқауында балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және дамытуға жағдай жасап, қолдау көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2018 жылы «Рухани жаңғырудың білім беру саласындағы өзектілігі» атты республикалық байқауына қатысқаны үшін «Үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша диплом.
Шәкірттері «Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы ұйымдастырған Республикалық «Қарттарым-асыл қазынам» атты эссе байқауында және І Республикалық шығармашылық байқауының «Қолөнер» бөлімі бойынша «Үздік шебер» номинация бойыншы марапатталды.