Бекмурзина Жаңыл Сундетовна

957 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп
Еңбек өтілі: 25 жыл. Жоғары санатты педагог
2013 жылы «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты білім беру қызметкерлерінің I Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде I орын алды. 2013 жылы Алматы қаласында, Оқушылар сарайында осы байқаудың республикалық кезеңінің секция жұмысына қатысып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының арнайы сертификатын иеленді. Іс-тәжірибесі республика көлеміне таратылған жинаққа енгізілді. 2013 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады. 2013 жылы облыстық білім беру қызметкерлерінің «Жыл жетістіктері» жинағына енгізілді. 2014 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялық технологиялар: жаңа парадигмалық ізденіс» тақырыбымен өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, конференция аясында «Білім алушының танымдық әрекетін белсендіру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасы конференция жинағына енгізілді. 2016 жылы облыстық орыс тілі мұғалімдерінің пәндік олимпиадасына қатысып, II орын иеленді. 2016 жылы облыстық «Әдістемелік вернисаж» конкурсында сертификат алды. 2016 жылы «НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады. Шәкірттері облыстық «Зерде» жас зерттеушілер байқауының және облыстық Кіші Ғылым Академиясының ХІ ғылыми- практикалық конференциясының жүлдегерлері.