Бекхожаева Карлыга Камбаровна
Жетістіктері
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Малдыбай орта мектебі
Еңбек өтілі 24 жыл. Жоғары санатты педагог
2014 жылы облыстық «Лучшая авторская программа» байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы халықаралық «ЕХРО - 2017» болашақ технологиялар көпірі» ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «М.Х.Дулати және түркі әлемі» тақырыбында «ІХ Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры сыйлығының иегері «Qaztest.kz» қазақ тілді интернет олипиада сайтында үздік мамандарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысып,екі кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары нәтижегекөрсетіп ІІ орын иеленді.2017 жылы республикалық «Педагогикадағы инновациялар» ғылыми-әдістемелік журналына М.Гумеров «Күмән» тақырыбындағы ашық сабағы жарияланып , бұқаралық-ақпараттық құралдарында насихатталғаны үшін «Алғыс хатпен» мапаратталды. 2018 жыл ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры сыйлығының иегері «Qaztest.kz» қазақ тілді интернет олипиада сайтында сынып жетекшілердің біліктілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық «Үздік сынып жетекшісі»атты ұстаздаролимпиадасына қатысып ІІІ орынды иеленді. 2018 жылы www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада порталы ұйымдастырған қашықтық олимпиадасында ІІ орынды иеленді. Оқушылары республикалық байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегері.