Бердембаева Гулзира Сисеновна

966 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ селолық округі Бестамақ орта мектебі


Еңбек өтілі 22 жыл. Жоғары санатты педагог

Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасының иегері, 2013 жыл. Білім беру саласы қызметкерлерінің алыс қашықтықтан өткізілген «Педагогикалық ізденіс» Республикалық конкурсында «Әдістемелік әзірлемелер» бағыты бойынша «Интеллект» ғылыми әдістемелік орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталды, 2017 жыл; «ЭКСПО-2017-Қазақстанның болашағы» атты балалар мен жасөспірімдердің Республикалық конкурсында оқушылары жүлдегер атанғаны үшін алғыс хат, 2017 жыл; Алғыс хат. «Білім саласындағы өзгерістер: жаңа қадам» облыстық семинар –практикумында белсенділік көрсетіп,кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, 2017 жыл; «Құзырлы тәлімгер - кәсіби дамытушы» облыстық эксперимент алаңына қатысқаны үшін Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Алғыс хат, 2017 жыл; «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі ІХ халықаралық ғылыми конференциясы «Ең үздік Жұбановтанушы конкурсын ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін алғыс хат иеленді, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе 2017 жыл; Алғыс хат. «Рухани жаңғыру» ақпараттық сараптамалық орталығы «Қазақ білімі» Республикалық ғылыми – әдістемелік, педагогикалық журналы редакциясынан, 2018 жыл; «Ұл бала мен қыз бала тәрбиесін ұйымдастырудың физиологиялық,психологиялық және педагогикалық негіздері» тақырыбындағы класс жетекшілердің облыстық педагогикалық шеберлік семинарына қатысқаны үшін сертификат, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, 2017 жыл; «Тілдік дағдыларды дамыту : эссе жазу әдістемесі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинарына қатысқаны үшін сертификат, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, 2017 жыл; «Сапалы білімнің негізгі факторы - білім берудегі көптілділікті қолдау» Республикалық филологиялық панорамаға қатысқаны үшін Cертификат, Астана, 2017 жыл. «Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» тақырыбындағы республикалық ақпараттық тренинг курсын аяқтағаны туралы сертификат, Астана, 27 қараша 2017 жыл.