Берекенова Асем Сергеевна

969 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы қаласы, Бостандық ауданы №51 мектеп-гимназия

Еңбек өтілі 22 жыл. Жоғары санатты педагог


Республикалық «Жылдың үздік 100 мұғалімі-2015» конкурсының жеңімпазы атанып, дипломмен марапатталды. Мектеп оқушыларына арналған «Қазақ әдебиеті оқулығы мен хрестоматиясының және мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың авторы. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында бірінші (ілгері) деңгейін тәмамдады, 2013 жыл. 2014 жылы «Өрлеу»АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе отырып «Заманауи тәсілдерді қолдану арқылы оқыту мен оқу сапасының тиімділігін арттыру» тақырыбында қала мұғалімдерімен өзінің іс-тәжірибиесін бөлісті. 2016 жылы «Өрлеу» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе отырып «Тілді деңгейлік оқыту мен шиыршық тәрізді оқытудың сабақтастығы», «Белсенді оқыту стратегиялары арқылы қысқа мерзімді шағын сабақты жоспарлау мен қорғау» тақырыбында дәріс оқып қала мұғалімдерімен өзінің іс-тәжірибиесін бөлісті. 2017жылы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша аудандық семинар өткізді. Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» антологиясы жинағына енді. Халықаралық бірнеше ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. Баяндамалары басылым беттеріне жарық көрді. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады.