Бурибаева Назира Дуйсенбаевна

1007 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Педагогикалық еңбек өтілі 34 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталған. 2015 жылы Ақтөбе облысының білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен және Ақтөбе облыстық ғылыми-шығармашылық орталығының алғыс хатымен марапатталды, 2015 жыл. «Педагогика»пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиададан І дәрежелі Диплом иегері атанды. «Өмір жолы- өнеге», «Айша Базарбайқызы туралы ой- толғамдар» жинақтарының авторы. «Шағын жинақты мектептерде оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» және «Шағын жинақты мектепте сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік құралдарының авторы. Халықаралық ғылыми конференцияларда, атап айтсақ «Жұбанов тағылымы – VIII: Қазақстан түркі өркениеті мен тарихы тоғысында», «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдері», «Педагогиканы оқытуда электрондық оқулық даярлаудың, қолданудың маңызы, дидактикалық шарттары» атты ғылыми ортада өз баяндамасын қорғады. Халықаралық «Малокомплектная школа: современные проблемы и пути модернизации» ғылыми-әдіснамалық семинарына қатысты, 2015 жыл. «Облыстық шағын жинақты мектептердегі қазіргі мәселелер мен оны шешу жолдары», «Шағын жинақты мектептердегі оқу – тәрбие үрдісі», «Заманауи білім берудегі ШЖМ» баяндамалары облыстық ғылыми-әдістемелік журналға басылып шықты. «Тренерлік тәжірбие: мәселелер мен шешу жолдары» және «Критериалды бағалау орта білім мазмұнын жаңарту аясында» NIS. ПШО семинарының сертификат алды; «Түрлі жастағы топтарды оқытуды АКТ қолдану арқылы ұйымдастыру», «ШЖМ–де оқу–тәрбие процесін ұйымдастыру», Шағын жинақты мектептерде білім беру үрдісі мен басқарудың ерекшеліктері: тәжірбие және болашақ» атты облыстық оқыту семинарларына белсенді түрде қатысты.