Гумарова Лаззат Елемесқызы
Жетістіктері
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Мерген орта жалпы білім беретін мектебі
Еңбек өтілі 30 жыл. І санатты педагог
2017 жылы аудандық бастауыш сынып мұғалімдердің аралығында өткен олимпиадасында «Үздік педагог» номинациясын жеңіп алды. 2015 жылы бастауыш сынып мұғалімдерінің аралығындағы «Үздік флипчарт- сабақтар» байқауында «Үздік АКТ қолданушы» номинациясына иеленді. 2015 жылы Аудандық «Панорамалық сабақ» сайысында «Үздік АКТ қолданушы» номинациясын жеңіп алды мұғалімдерінің аралығында өткізілген «Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, 1-ші орынға ие болып, Мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар, «Филолог» атты «Казахстанско-Российское сообщество» атты сайтындағы мұғалімдер аралығындағы интеллектуалдық олимпиадасына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті (1-орын). Лаззат Елемесқызының іс-тәжірибесі республика көлемінде кең таратылуда. 2017 жылы Республикалық «Бастауыш мектеп» атты басылымында «Ғарыш туралы түсініқ» дүниетану сабағы жарияланды. «Санды көбейтіндіге көбейту» атты сабақтары және оқушыларының өлеңдер жинағы (Ғиният Жанботаның «Дос», Байғұтты Сымбаттың «Қуыршақ», Қайырболат Дильназдың «Ана» атты өлеңдері) Республикалық «Сабақтар» әдістемелік сайтында жарияланып, сертификат берілді. Ұстаз шығармашылық жұмыспен айналасып математика, әдебиет пәндерін байланыстырып көпфункциялық тапсырмалар құрастырды. Облыстық «Жайық ұстазы» басылымда іс-тәжірибесі жарияланды. 2016 жылы «Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтық олимпиадасы 1-орын 2016 жылы «Филолог» Қазақстан-Ресей қауымдастығы, бастауыш сынып мұғалімдері арасында 1-орын; 2016 жылы Республикалық қашықтық олимпиадасы КИО –сертификат иегері. 2017 жылы Алғыс хат Республикалық ұстаздар сайты «USTAZ tilegi» ; 2017 жылы Республикалық ұстаздар сайты «USTAZ tilegi» сертификат иегері.