Дарменова Айбубек Кылышбековна

1019 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы «Шетпе лицейі» мемлекеттік мекемесі
Еңбек өтілі 28 жыл. Жоғары санатты педагог

2014 жылы Ақтөбе қаласында С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінің базасында өткен «Білім берудегі инновациялық технологиялар жаңа парадигмалық ізденіс» атты халықаралық ғылыми-конференцияға қатысып, «Интерактивті оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбында баяндама жасады. Жұмысы жинаққа шықты. 2014 жылы «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» аудандық Педагогикалық оқу 3-орын; 2014 жылы «Білім беру ұйымдарының оқу процесінде жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізудің өзекті мәселелері» тақырыбында аудандық семинарда «Интерактивті оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбында баяндама; 2015 ж «Бағдарламалау тілдері» тақырыбындағы аудандық семинарда «Жолдық шамалармен жұмыс» тақырыбында десант сабақ; 2016 ж республикалық «Қазақ елінің үздік ұстазы» жинақ кітабында «Тармақталу операторлары» тақырыбындағы сабақ; 2016 ж «Жаңашыл мұғалім» аудандық информатика пәні мұғалімдерінің семинарында «Меншіктеу операторы. Сызықты алгоритмдерді программалау» тақырыбында десант сабақ. "Қазақстанның жаңғыруы 3.0-білімнің үлесі" тақырыбындағы тамыз педагогикалық кеңесі аясында өткізілген информатика пәнінің облыстық секциялық отырысында» Білім мазмұнын жаңарту жағдайында информатика сабағындағы оқушылардың оқу жетістігін бағалау» тақырыбында коучинг.
Шәкірттері 2013-2018 оқу жылы аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері.