Рашова Роза Темирбековна

10 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,91
  • /
  • Проголосовало: 1835
  • Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы
  • № 98 мектеп КММ
  • Еңбек өтілі: более 5 лет

Жетістіктері

Мен Рашова Роза Темирбековна, Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірдім. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылындағы № 98 орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап жатырмын. Менің жетістіктерім 2016 жылы Республикалық мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағының 5-шығарылымына «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясының физика пәнінде қолданылуы» тақырыбындағы мақалам жарияланды.
2016 жылы «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық басылымның сайтына «Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы» тақырыбындағы ашық сабағым (https://ustazdar-alemi.kz/fizikz/2921) жарияланып, сертификат алдым. «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналының тұрақты оқырманы әрі автор ретінде басылымның дамуына үлес қосаным үшін редакцияның «Алғыс хатымен» марапатталдым .
2017 жылы 28 сәуірде «Білім беру инновациялары:ізденіс және шешімдер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысып ,әдістемелік шеберлік танытқаным үшін Дипломмен марапатталдым.
2018 жылы «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» марапатталдым.
2019жылы 9 наурызда Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада ұйымдастыруымен өкізілген пәндік олимпиадаға жеңімпаз дайындағаным үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым.
2019 жылы 17 наурызда Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада тарапынан ұйымдастырылған оқушылар арасындағы пәндік олимпиадаға шәкірттер қатыстырып ,жоғары нәтиже көрсеткені және олимпиада жеңімпаздарын дайындағаным үшін «Мадақтама грамотамен» марапатталдым.
2019 жылы «Төртінші Республикалық революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық конференцияға қатысып үздік баяндама жасағаным үшін Дипломмен марапатталдым.
2019 жылы желтоқсанда Қызылорда облыстық білім басқармасы және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комтетінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.
2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының иегері «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында пелагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткенім үшін І дәрежелі дипломмен және «Қазақстан ұстазы» төсбелгісімен марапатталдым.
2019 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Егемен еліміздің үздік ұстаздары» байқауына қатысып , жұмыстарым үздік деп танылып Дипломмен және « Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталдым.

Дипломдары мен мақтау қағаздары