Бисенгалиева Улмекен Кабиевна
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы
«Боранқұл орта мектебі» КММ
Еңбек өтілі 26 жыл жоғары санаты педагог
2000-2004 жылдар аралығында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы «Қарақұм орта мектебі»КММ-де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2004-2007 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ал 2007-2016 жылдары мектеп директоры боп қызметтер атқарып келді. Ол басшылық еткен уақытта мектепте атқарған игі істер аз емес. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары әртүрлі аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларда, сайыстарда, байқауларда, спорттық жарыстарда көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Улмекен үнемі біліктілігін арттыру мақсатында курстардан өтіп тұрады. Оқыту мен оқудағы, жаңаша мектеп басқарудағы оңды өзгерістерге жете мән беріп, іс-тәжірибесінде тиянақты жүзеге асырады. Улмекен Кабиевна 2016 жылы «Боранқұл орта мектебі» КММ-нің директоры боп тағайындалып, бүгінде аталған мектепті басқарып отыр. Мектеп басшысы газет-журналдарға да мақалалар жариялап отырады. Талапшыл, ізденімпаз, білікті басшы төмендегідей жақсы нәтижелерге қол жеткізуімен қатар, болашақта әлде де көптеген жетістіктерге жететініне сеніміміз мол.
2016 жылы педагогтарға арналған Ресейлік «Умната» конкурсына қатысып, «Педсовет в новых условиях современного образования» деген тақырыптағы блиц-олимпиада лауреаты атанды.
2015 жылы «Тестовые задания по русскому языку» атты кітапшасы облыс көлемінде таратылды. (30.12.2015ж. Облыстық МБЖИ №4/3 шешімі).
2015 жылы аудан мұғалімдерінің тамыз кеңесінің орыс тілі мен әдебиеті секциясында «Применение новых информационных технологий на занятиях русского языка» тақырыбында баяндама жасады.
2015 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинарында «Моделирование этапа с использованием элементов SMART, Learning на уроках русского языка и литературы в услоиях полиязычного и поликультурного образоваия » тақырыбында баяндама оқыды.
2013 жылы «Жайлауы шұрайлы, қойнауы мұнайлы Боранқұл» кітабында «Қарашаңырақ Қарақұм» атты мақаласы жарияланды.
2014 жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» кітабына шықты.
2015 жылы «Қазақстан ұстазы» кітабына шықты.
2016 жылы «Маңғыстау әдіскері» журналында «Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мектеп пен ата-ананың ролі» атты мақаласы жарияланды.
Улмекен Кабиевна туралы әріптестері, ата-аналар да газеттерде ризашылықтарын білдіріп, мақалалар жазды.
У.К.Бисенгалиеваның елеулі еңбегі еленіп, бірнеше рет аудандық, облыстық марапаттарға, «Нұр Отан» партиясының Бейнеу аудандық филиалының Алғыс хатына ие болды.
Республикалық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардағы шәкірттерінің жетістіктері Улмекен Кабиевна кадрларға жан-жақты жағдай жасай отырып, олардың табысты еңбек етуіне де мол мүмкіндік береді. Сондықтан да мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің де табыстары аз емес:
2013 жылы дзюдодан Маңғыстау облысының чемпионатында Р.Ізғалиев ІІІ орын алды.
2014 жылы «Еліме арнау» облыстық байқауында «Жас тілші» номинациясы бойынша Тұрсынбай Раушан 3-орын алды.
2014 жылы 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық байқауының облыстық кезеңінде Сырымұлы Дат ынталандыруға ие болды.
2014 жылы 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық байқауының облыстық кезеңінде химия, биология секциясы бойынша Түнғатарова Айсұлу ІІІ орынға ие болды.
2014 жылы ҚР Ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындарының бағдарламасында қазақ күресінен өткен жарыста Ж.Жазмұханов ІІІ орын алды.
2014 жылы Дзю-до күресінен І республикалық ашық біріншілікте Аманай Назгул 1 орын алды.
2014-2015 оқу жылында «BS-PRESS» республикалық қашықтық олимпиадасына «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 6 оқушысы қатысып, сертификатталды.
2015 жылы Маңғыстау облысының чемпионатында қазақ күресінен Жазмұханов Жамбыл 1-орын алды.
2015 жылы 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық байқауының облыстық кезеңінде Алуадинова Әсел ынталандыруға ие болды.
2015 жылы 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық байқауының облыстық кезеңінде Жолдас Нұрасыл ІІІ орынға ие болды.
2015 жылы жаратылыстану-математика бағыты бойынша 7-8 сыныптар арасында өткен облыстық олимпиадада 7-сынып оқушысы Тұрсынбай Раушан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Рахметоллина Айдана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 жылы «Өзін-өзі тану» пәнінен облыстық олимпиадада оқушымыз Маратқызы Салтанат ІІ орын алды.
2015 жылы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған облыстық «Бабалар ерлігі-ұрпаққа өнеге» тақырыбындағы оқушылардың фотобайқауында Әбдиева Әсел ІІІ орын иеленді.
2015 жылы Исатаев Ақниет «Зерде» зияткерлік телесайысының апталық ойынының жеңімпазы атанды.
2015-2016 оқу жылында Казақстандық интернет олимпиадаға орыс тілінен 4 оқушысы қатысып, сертификатталды.
2016 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-8 сыныптар арасында өткен облыстық олимпиадада 6-сынып оқушысы Тұрсынбай Бауыржан ынталандыру алды.
2016 жылы «Жас барыс» республикалық турнирінің Маңғыстау облыстық іріктеу жарысында Ш.Қойлыбаев ІІІ орын алды.
2015 жылы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырған сайысында «Оқыту жүйесіндегі тұсаукесерлер» номинациясы бойынша тарих пәні мұғалімі Ж.Бисенгалиева ІІ орын алды.
2015 жылы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырған «Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы» сайысында «Жас педагогтың шығармашылық бастамасы» номинациясы бойынша мектепалды дайындық сыныбының тәрбиешісі Б.Құлғараева 1 орын алды.