Абдуллина Айнур Килишбековна

2736 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық ЖББ №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

2018 жылы облыстық пәндік олимпиаданың ІІІ дәрежелі диплом иегері. Дәл осы жылы ПОНИ Халықаралық байқауының Алғыс хаты пен Дипломын иеленді. 2019 жылы І-республикалық «Үш Бәйтерек» онлайн байқауының Алғыс хатын алды. Осы жылы «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» республикалық қашықтық байқауының Диплом иегері атанды.
2019 жылы «Сұңқар» республикалық интеллектуалды конкурсынан «Үздік сабақ жоспары» үшін ІІІ дәрежелі Дипломмен, «Ең үздік сабақ» Мадақтамасымен марапатталды. 2019 жылы Ақтөбе облыстық-ғылыми-тәжірибелік орталығының «Қызықты математика» электронды оқулығына, «Сыныптан тыс іс-шаралары арқылы бастауыш класс оқушыларының танымдық әрекеттерін арттыру» атты әдістемелік құралдарында материалдары жарық көрді. 2019 жылы «Мектеп менеджменті: Тиімді басқару және сапалы білім беру» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасын арттырудағы өзін-өзі бағалаудың ролі» атты баяндамасымен қатысты. 2020 жылы «Дара бала» республикалық шығармашылық байқауында Алғыс хатпен, осы жылы жаңартылған білім беру жағдайында «Үздік сабақ үлгісі» облыстық байқауында ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.