Абдигалиева Ляззат Абдыкаимовна
Жетістіктері
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылы, № 19 көпсалалы мектеп- гимназиясының география және еңбек пәнінің мұғалімі
2017 жылы Ұлттық Дельфийлік Комитетінің алғыс хатымен, Алматы мемлекеттік табиғи қорығының мадақтамасымен марапатталды. 2017 жылы Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Білім беру саласының озаты» медалінің иегері. 2018 жылы Рухани жаңғыру» бағдарламасы мақсаттарындағы «Ұстаздың ролі» атты Халықаралық семинарға белсене қатысып, алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы республикалық білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарын жариялап, әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін құрмет грамотасын иеленді. 2019 жылы «100 ЕСІМ – ҰСТАЗ ДАҢҚЫ» төсбелгісімен,
2020 жылы Білім беру саласында әдістемелік шеберлігі мен жаңашылдығын танытқаны үшін «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ » төсбелгісімен марапатталды. 2020 жылы Бүкілресейлік талант сайысының «Технология бойынша олимпиадасының» 2-орын жүлдегері. Ағымдағы жылы республикалық көркем еңбек пәнінен 6- сыныптар арасында олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.