Абилтаев Дастан Саматұлы
Жетістіктері
Қостанай қаласы, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік- экономикалық университеті
2018 жылы аудандық Тірек мектебі ұйымдастырған аудан мектептерінің жас ұстаздарының «Менің табысқа жетуімдегі алғашқы қадамым» атты көрме-байқауына қатысып, 3 орынды иеленді. 2018 жылы «Ustaz tilegi» сайты ұйымдастырған «Қыркүйек»-Республикалық блиц-турниріне қатысып 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Edulife.kz, nio.kz сайттарының «Алғыс хатымен», Ziatker.kz сайтының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2018 жылы табысты еңбегі үшін Бүйректал орта мектебінің директорының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2018 жылы Қазақстан Педагогтар қауымдастығы ұйымдастырған «Үздік жас педагог» байқауына қатысып, Дипломмен және «Үздік жас педагог» төсбелгісімен марапатталды.
2018 жылы «педагог-модератор» біліктілік санаты берілді. 2019 жылы Skills academy мекемесі мен Martebe.kz білім порталы дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан III Республикалық «Үздік жас маман» байқауына қатысып, 3 орын және «Үздік жас маман» төсбелгісімен марапатталды.
2019 жылдың білім беру саласында жоғары жетістіктерге жетіп, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқаны үшін Амангелді ауданы жастарының «Ел үміті» кітабына «Білім беру саласындағы жетістіктері үшін» номинациясы бойынша енгізілді.