Абышева Баян Бахытхановна
Жетістіктері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№20 Жалпы орта білім беретін дамыта оқыту мектебі» КММ
2017, 2018, 2019 жылдары қатарынан «Конкурсы, конференции, олимпиады» Республикалық олимпиадасына қатысып жүлделі 1 орынды иеленіп, абыройы асқақтады. 2017 жылы «Intolimp» ұстаздар сайтының халықаралық жобасының Алғыс хатымен марапатталды. 2019 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының ШҚО ПҚ БАИ «Аймақтағы инклюзивті және арнайы білім беру: тәжірибе және болашағы» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, сертификатын иеленді.
2019 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының ШҚО ПҚ БАИ «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты Республикалық байқауының «Орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімдері» номинациясының сертификатын, «Білім әлемі» Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымының «Бүгінгі білім берудің көкейкесті мәселелері мен болашағы» конференциясына қатысып, «Үздік сабақ» Дипломына ие болды. 2019 жылы «Просвещение» РИӘО Республикалық олимпиадасында 1 орын, Жалпыресейлік блиц-олимпиадасында 1-орын иегері атанды. Сондай-ақ, білікті маман 2019 жылы IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, үздік жұмысы үшін Дипломмен марапатталды.