Абушахмаева Жансая Нартайқызы

2750 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №154 И.Қ.Мандоки атындағы ЖББ мектеп

2019 жылы "Ұлағатты ұстаз" төсбелгісімен және «Құрмет грамотасымен» марапатталды. "Жастар жылы" аясында "Жас мамандар" арасында өткізілген байқаудың 1 орын және "Жас маман" төсбелгісінің иегері. "Рухани жаңғыру" Ұлттық бағдарламасы құрметіне арналған "World of peace" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестіктің "Ұстаз даңқы – 100 есім" төсбелгісінің иегері және 100 есім кітабына енді. 2019 жылы Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласында өткен "Халықаралық ғылыми конференцияға" қатысып, өз ғылыми мақаласын қорғап, Гран-при жеңіп алды. «Шеттілдік білім беруде студенттердің мотивациясын аутенттік бейнебаяндар мен фильмдер арқылы дамытудың стратегиялары» атты Германия мемлекеті, Мюнхен қаласында өткен конференциясына қатысып, сертификат иеленді. Мақаласы журнал бетінде жарық көрді. 2020 жылы "Рухани жаңғыру" Ұлттық бағдарламасы құрметіне арналған "World of peace" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестіктің ұйымдастыруымен «Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына» арналған байқауға үздік оқушылар дайындағаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2020 жыл Қырғызстан мемлекетінің астанасы Бішкек қаласында өткен "Халықаралық ғылыми конференцияға" қатысып, өз ғылыми мақаласын қорғап, гран при жеңіп алды.