Агыбаева Зауре Шынтаевна
Жетістіктері
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2017 жылы Жас ұрпақты Ескелді бидің рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудегі еңбегі мен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға қосқан үлесі үшін Алматы облысы білім басқармасының Мадақтама грамотасымен, Жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған табысты еңбегі үшін Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы «GAZAQ BILIMI» республикалық ғылыми- әдістемелік журналына «Үздік педагогикалық мақала» жариялағаны үшін Құрмет грамотасының, 2020 жылы «GAZAQ BILIMI» республикалық ғылыми- әдістемелік журналы ұйымдастырған «Үздік сабақ» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом иегері атанды. А.Байтұрсынов атындағы ІҮ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының ІІ дәрежелі Дипломы, Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған республикалық « Педстарт» қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі Дипломы табысталды. А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Абай» атты республикалық қашықтық олимпиадасының І дәрежелі Дипломын иеленіп, жеңімпаз атанды.