Адильбекова Гульмира Адильбеккызы

2758 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы облысы, Талдықорған қаласы «№15 орта мектебі» КММ-ның І санатты ұстазы

2014 жылы Қалалық «Жыл мұғалімі-2014» байқауында шығармашылық белсенділік танытып, жүлделі ІІІ-орын иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды. 2015 жылы Білім беру қызметкерлерінің қалалық тамыз педагогикалық кеңесіне белсене қатысып, шығармашылық шеберлігімен танылғаны үшін Құрмет грамотасы, 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін Құрмет грамотасы табысталды. Алматы облысы бойынша Қазақ тілі пәнінен ұстаздар арасындағы олимпиада жеңімпазы атанып, І дәрежелі диплом берілді. Алматы облысы бойынша Қазақ тілі пәнінен оқушылар арасындағы олимпиада жеңімпазын дайындағаны үшін Алғыс хат табысталды. 2020 жылы «Білім берудегі инновация және инновациялық ұғымдар» атты республикалық онлайн-семинарға қатысып, Сертификат иеленді. «Оқулықтар, авторлық бағдарлама, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау технологиясы» атты республикалық семинарға қатысып, Сертификат иемденді. Республикалық қазақ тілі пәнінен ұстаздар арасындағы олимпиадада жеңімпазы атанғаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен, Халықаралық қазақ әдебиеті пәнінен ұстаздар арасында олимпиадаға қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық «Өрлеу» ақпараттық порталына «Ұстаз – деген жарық күні ғаламның, Ұстаз –деген анасы ол адамның» атты мақала жариялап, Алғыс хат иеленді.