Аймаганбетова Гулзат Кенжебаевна

2772 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы «№38 гимназия» КММ

«Өзге тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Еуропалық стандарт негізінде әзірленген оқу бағдарламасын сынақтан өткізуге қатысып, Алғыс хат иеленді. 2015 жылы республикалық семинарда баяндама жасағаны үшін алғыс хат, 2017 жылы «КИО» қашықтан өткізілген пән олимпиадасында ІІ орын алып, диплом иегері атанды. 2018 жылы «Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін ендіру арқылы мұғалімдердің зерттеу дағдылары: тәжірибесі мен келешегі» облыстық стендтік конференцияға қатысып, сертификат иеленді. 2018 жылы «Ұлт ұстазы байқауына» қатысып, жүлделі І-орын алып, «Ұлт ұстазы» төсбелгісімен, «Үздік қазақ тілі мұғалімі – 2018» байқауында І орын алып, «Үздік қазақ тілі мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды. 2018 жылы «Пед старт» пән олимпиадасынан ІІІ орын алғаны үшін диплом, «Педагогтің үздік портфолиосы» байқауында «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иемденді. Қазіргі білім беру үрдісі: тәжірибе, дәстүр, инновация» атты халықаралық байқауының ІІ дәрежелі Диплом, 2019 жылы «Білім – тәуелсіздігіміздің басты нышаны» байқауының ІІ дәрежелі Диплом иегері. 2020 жылы «Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы» атты халықаралық байқауға қатысып, Алғыс хатқа ие болды.