Акбарова Айжамал Шекербековна

2785 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы №50 «Үлгілі» ЖОМ

2015 жылы «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді білім беруді ғылыми-әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу» атты баяндамасы үшін алғыс хатпен, 2016 жылы «Ұлы Дала Еліміз» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы Республикалық «Мен және менің коучингім» байқауынан «Коучинг сабағының үздік жоспары» номинациясы грамотасының, 2017 жылы «Ұстаз – ұлы есім» республикалық байқауында «Педагогикалық қоржын» номинациясының ІІ дәрежелі дипломының иегері атанды. 2017 жылы «Біліктілікті арттыру жүйесінің инновациялық стратегиялар – даму кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағына «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқудың кезеңін анықтау үшін белгілі бір бағалау нысанын қолдану» атты баяндамасы жарияланып, арнайы сертификат табыс етілді.
2018 жылы «Тарым» білім орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілі» пәнінен республикалық қашықтан өткізілген олимпиададан І дәрежелі дипломға, 2018 жылы Qaztest.kz сайтында І Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасына қатысып сертификатқа ие болды. 2019 жылы «Эрудит» интеллектуалды сайтында Республикалық «Үздік сабақ» байқауынан І дәрежелі диплом, 2019 жылы «Шебер педагог – 2019» атты ІІ халықаралық байқаудан «Ең үздік баяндама» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иеленді.