Алимбетова Гульмира Туретаевна
Жетістіктері
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, № 273 орта мектебі
ІІ (негізгі) деңгей мұғалімі. Мектеп тренері. «Озат тәжірибе» орталығының жетекшісі. Оқушыларды Облыстық және Республикалық додаларға жиі дайындайды. Атап айтар болсақ, 2016 жылы Республикалық «Gylym-Bilim.kz» ұйымдастырған «Жас ғалым-2016» сайысында Мирамбекова А. I орын; Жеңістің 71 жылдығына арналған VII шығармалар сайысында Алимбетова А. I орын; 2017 жылы Алимбетова А. Облыстық орыс тілінен олимпиадасында III орынды және 2018 жылы «Берік отбасы – есірткіден алыс!» отбасылық эссе сайысында дипломмен марапатталды. 2019 жылы «Менің отбасым – бақыт мекені» эссе сайысында Советова Д. I орын; «Ұлы дала сарбазы» эссе байқауынан Ержанова А. II орын иеленді. 2019 жылы «Просвещение.кз» сайты ұйымдастырған «Бессмертная память» мәнерлеп оқуында Мирамбекова А. Гран-при, Советова Д. «Письмо Неизвестному солдату» эссе жазудан І орын алды. 2017 жылы «Жаңа білімге –заманауи көзқарас» ІІ конференция жұмысына белсене қатысып диплом алды. 2018 жылы «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» көшпелі семинарында диплом және төсбелгімен марапатталды. 2018, 2019 жылдары «Nio», «Тio» олимпиадасының жүлдегері. 2018 жылы «Кио» олимпиадасында 11 жеңімпаз дайындады. Мәнерлеп оқу сайысысында 4 жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат берілді. 2019 жылы «Педстарт» орыс әдебиетінен олимпиада жүлдегері. 2018 жылы Халықаралық «Русский медвежонок» 8 жеңімпаз, Бүкілресейлік «Знанио» викторинасында 16 жеңімпаз дайындады.