Алимбетова Лаззат Озбекбаевна

2803 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, №131 жалпы орта білім беретін мектеп

2017 жылы «www.orleu.kz ұстаздарға арналған ғылым-білім технология интернет ресурсымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар сайысында I орынға ие болғаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. «ALTYN QYRAN» ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасында оқушысы жүлделі I орын алғаны үшін пән мұғалімі ретінде Құрмет грамотасы тапсырылды. Қазақстан Республикасының білім саласына үлес қосқан еңбегі үшін «Оңтүстік Қазақстан облысының «Білікті ұстаз» төс белгісі табысталды. 2019 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы Дипломының, Облыстық «Өрлеу» БАҰО-ның ұйымдастыруымен өткен «Үздік сабақ – 2019» байқауының II дәрежелі дипломының иегері атанды. 2019 жылы Білім беру саласында жаңашыл әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланып, шығармашылық ізденімпаздылық танытқаны үшін Мақтау Грамотасымен, 2020 жылы «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген олимпиаданың І орын иегері атанып, Диплом иегері атанды. 2020 жылы «Филолог» қауымдастығы және «Алые паруса» Халықаралық балалар орталығының дипломымен, Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығының және «Алые паруса»Халықаралық балалар орталығының дипломымен марапатталды. Республикалық педагогтар қауымдастығының шешімімен «Білім беру ісінің үздігі – 2020» иегері атанып, медальін тағып, абырой биігінен көрінді.