Алтаева Арайлым Шалмырзаевна
Жетістіктері
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №17 балабақшаның тәрбиешісі
2015 жылы №133 балабақша меңгерушісі К.Н.Дадаеваның «Алғыс хатымен» марапатталды. 2016 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді жетілдірудің механизмі: бағыттары мен болашағы» семинарына қатысып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының куәлігін алды. 2016 жылы «Өрлеу БАҰО» «Педагогикалық квалиметрияның теориясы мен практикасы» тақырыбында курстан өтіп, сертификат иеленді. 2017 жылы «Ұстаздар мерекесі» қарсаңында №17 балабақша меңгерушісі Б.Т.Байгожинаның «Алғыс хаты» тапсырылды. №17 балабақшада ұйымдастырылған «Үздік ойын алаңы» сайысына қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. 2018 жылы «Шабыт» білім беру орталығының «Менің көгілдір ғаламшарым» атты республикалық байқауына қатысып дипломмен марапатталды. 2018 жылы «Шабыт» білім беру орталығының «Құстар әлемі» атты республикалық байқауына қатысып, диплом иемденді. 2018 жылы Республикалық ғылыми-танымдық газетінің «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинарына қатысып сертификат, 2018 жылы М.Монтессоридың «Еркін тәрбиелеу педагогикасы» атты семинарының сертификаты табысталды. «Нұр Болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағынан 2018 жылы «Еркін тәрбие педагогикасы» тақырыбында курстан өткені үшін сертификат, 2019 жыл «Алматыкітап баспасы» дайындаған «оқу-әдістемелік кешендері» атты семинарына қатысып сертификат алды. 2019 жыл Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы С.Кусаинованың мадақтамасымен, 2020 жылы «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» қалалық байқауына қатысып Алғыс хат иеленіп, абырой биігінен көрінді.