Анапиянова Майя Мукарамовна
Жетістіктері
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім бері басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК
2016 жылы Бүкілресейлік «Умната» байқауында І-дәрежелі Дипломның, осы жылы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрылымы – мұғалімдердің құзыреттілігі» блиц-олимпиадасында Алғыс хаттың иегері атанды. 2017 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы «Мектепішілік бақылау және мониторинг технологиясы» блиц-олимпиадасында Бүкілресейлік «Умната» конкурсында І-дәрежелі Диплом тапсырылды. 2018 жылдың айтулы оқиғаларына арналған облыстық «Қазақстанның көрнекті қайраткерлері» лингвистикалық қашықтық байқауында студенттері ІІІ орын алып, ұстаз беделін асырды. 2018 жылы «Педагогикалық кадрларды аттестаттау – кәсіби өсу факторы» халықаралық олимпиадасында І орынның, дәл осы жылы «Күн сәулесі» халықаралық интернет олимпиадасында І орынның иегері атанды. 2018 жылы оқушыларды білімділікке баулу жолындағы еселі еңбегі бағаланып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. «Педагогическое окно» сайтының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» «Демиург» республикалық олимпиадасында ІІ-дәрежелі Диплом иемденді.