Ануар Жанар Ануаровна

2833 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Түркісіб ауданы білім басқармасы, №107 лицей Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2015 жылы “Білім шыңы – Ғылым сыры” атты педагогтар мен оқушыларға арналған республикалық ғылыми-әдістемелік, танымдық, мәдени-рухани журналының төсбелгісі мен Құрмет грамотасының иегері атанды.2016 жылы «Ақпараттық қоғамда математикалық білім берудің мәселелері» атты халықаралық ғылыми практикалық конференцияға қатысып, сертификат иеленді. 2019 жылы Халықаралық ғылыми педагогикалық білімді дамыту академиясы өткізген «Жылдың үздік мұғалімі» байқауында өзінің біліктілігін көрсетіп, жүлделі ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды.
2019 жылы «Ұлт ұстазы» төсбелгісі мен Құрмет грамотасы табысталды. 2015-2019 жылдар аралығында ББҰ 1-7 сыныптар үшін вариативті және 8-11 сыныптар үшін бейіналды, элективті курстардың бағдарламаларының жинақтарындағы автор атанған білікті маман. 2019 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатуға бар күш-жігерін жұмсайтын кәсіби білікті маманның оқушылары республикалық, қалалық олимпиадалардың жеңімпазы атанып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді.