Аскарова Армангул Каленовна
Жетістіктері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
2016 жылы Қазақ даласының дара ұстазы Ы.Алтынсариннің 175 жыл мерейтойына орай облыстық ғылыми практикалық конференцияның белді ұйымдастырушысы болды. 2017 жылы білікті маман облыстық «Үздік сабақ-2017» сайысының жеңімпазы атанды. «Өрлеу» Атырау облысы бойынша ПҚБАИ «Хабаршы» журналына «Ұстаз. Білім. Ізгілік» мақаласы, «Ustazdyg enbek» газетіне «Мәртебеңіз биік болсын, Мұғалім!» мақаласы, «Atyrau» «Рухани темірқазық» мақаласы жарияланды. Астана қаласы «Білім көкжиегі» аясында «Білім беру ұйымдарында ата-аналармен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері» семинар-тренингін жүргізу құқын беретін тренер сертификатын алып, семинар тренинг өткізді. «Өзін-өзі тану – жаңа заман педагогикасы» тақырыбындағы республикалық семинарға «Өзін-өзі тану пәні» – жастардың ұлттық сана-сезімі мен рухани әлемін байыту көзі» баяндамасын ұсынып, сертификат иеленді. «Be Clever» Халықаралық дамыту орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдың ұстаздары» атты IV Республикалық байқауында «Үздік іс-шара» номинациясының І орын иегері атанды. Л.Н.Гумелев атындағы ЕНУ «Қазақстандық үшінші жаңғыру контексіндегі андрологиялық білім берудің әдіснамасы: үрдістер, мәселелер шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Замана көшін бастаған көшбасшы мұғалімнің құндылықтары» атты баяндамасы үшін Алғыс хатпен марапатталды.