Аханова Маржан Қайратқызы
Жетістіктері
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №1 Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебі(РО) КММ информатика пәні мұғалімі, педагог- модератор
2017 жылы Республикалық пән олимпиадасының облыстық деңгейінде информатика пәнінен оқушысысы 1 орын иеленіп, арнайы білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы Қарағанды облыстық «Мобильді қосымша жасау» ғылыми жобалар сайысына төрт оқушы қатыстырып, 1 орын иеленіп, жетекші ретінде жоғары дәрежелі Куәлікпен марапатталып, Алғыс хат иеленді. 2019 жылы облыстық дебат турниріне «Ақиқат» тобын дайындап, 3 орын алып, жетекші ретінде Алғыс хат иеленді. Республикалық «Болашақ инженерлер» жобасы аясында «Инженерлік 3D модельдеу» курсына үш жоба бойынша оқушылар қатыстырып, арнайы Сертификатқа қол жеткізді. Республикалық «Кодтау сағаты» акциясына 137 оқушы қатыстырып, «2019 Кодтау сағатын сәтті өткізгені үшін Сертификатымен», 2020 жылы «Дарын» республикалық олимпиадасына оқушы қатыстырып, 2 орын иеленгені үшін жетекшісі ретінде Құрмет грамотамен, Республикалық «Оқушылардың танымдық және шығармашылық ізденістерін дамыту жолдары» атты ғылыми жобалар жинағына екі жоба енгізіп, Құрмет грамотамен наградталды. Республикалық «Өрлеу» ақпараттық порталында еңбектері жарияланғаны үшін және қашықтықтан оқытуда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат табысталды. Республикалық мұғалімдерге арналған CLEVER олимпиадасына қатысып, 1 дәрежелі диплом иеленді. www.nio.kz Республикалық мұғалімдерге арналған олимпиадада 1 дәрежелі дипломмен, «Ұстаз тілегі» республикалық орталық ұйымдастырған Халықаралық ұстаздар арасындағы олимпиадада 1 дәрежелі дипломның иегері деп танылды.