Ахатова Жанагуль Жумакановна
Жетістіктері
Алматы қаласы Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейі, бастауыш сынып мұғалімі
2017 жылы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және «Өрлеу» білім ғылым технология порталының Құрмет грамотасымен, 2017 жылы математика пәні бойынша «MAD BRAIN» республикалық супер байқауына оқушылар дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы «Ертегілер еліңде» республикалық балалар журналының №3 санында «Микробтың микробы бола ма?» атты мақаласы жарияланды. 2017 жылы математика пәні бойынша «MAD BRAIN» республикалық супер байқауына оқушылар дайындағаны үшін, 2017 жылы ҚР Мемлекеттік Орталық музейі «Наурыз нақыштары» фестивалі аясында өткен «Қазақ ертегілер әлемі» атты мерекелік іс-шарасына белсене қатысып өнер көрсеткені үшін Алғыс хатқа ие болды. 2018 жылы Аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасының 2018 жылы Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен І республикалық олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломның иегері атанды. 2019жылы «Логика» атты авторлық бағдарламасы жарық көрді. 2019 жылы аудандық «Менің алғашқы ұстазым» атты байқауға қатысып, ІІІ орын алды. 2019 жылы Аудандық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасының, 2019 жылы Алматы қаласы республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық «Білім әлемі» баспасөз басылымында «Үздік сабақ» көрсетіп, білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін алғыс хат иесі болды.