Ахметбаева Бакытгуль Кадылбековна

2852 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

ШҚО, Өскемен қаласы, «О.Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, биология мұғалімі, педагог-зерттеуші

Адал да мінсіз еңбегі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуға қосқан үлесі және түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғарғы дәреже көрсеткені үшін» Өскемен қаласының әкімі Т.Қасымжановтан алғыс хат, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңына орай білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін» ҚББ басшысы М.М.Ахметовадан мадақтама алды. «Оқушыларды қорытынды аттестацияға және ҰБ -ға дайындау» тақырыбындағы облыстық практикалық семинарда іс- тәжірибесімен бөліскені үшін ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы-директоры М.Асановадан алғыс хатпен, «Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды. І Республикалық пән олимпиадасынан «Ең білімді педагог» ІІ орынды иеленді. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ІІ Республикалық «Білім үздігі-2019» атты байқауында «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен, Халықаралық инновациялық шешімдер орталығы ұйымдастырған Ұлттық BilGen олимпиадасына белсенді үлес қосып, зор қолдау білдіргені үшін дипломмен наградталды. Оқушылар арасында өтетін қалалық, облыстық, Президенттік олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларында қазылар алқасының мүшесі.