Ашыкбаева Маржан Хамзақызы
Жетістіктері
Атырау облысы Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті, №23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, жоғары санатты зерттеуші педагог, география пәнінің мұғалімі
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық Тестілеу орталығының алғыс хатымен, 2017 жылы «Менің үздік сабағым» аудандық байқауында І-дәрежелі дипломымен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында Республикалық ғылыми педагогикалық орталығында өткен «Лучший инновационный урок» І-дәрежелі Дипломның, 2018-2019 оқу жылында «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиадада 1-орын алып, Дипломның иегері атанды.
2019 жылы аудандық «Үздік география пәні мұғалімі» байқауында ІІІ-дәрежелі дипломмен иемденді. 2017 жылы «География сабақтарындағы инфрақұрылым-оқушыларды әлеуметтендірудің басты шарты ретінде»-тақырыбында облыстық семинар жұмысына белсене қатысты. 2019 жылы «Әдістемемік калейдоскоп» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинарына қатысып, сертификат иегері атанды. 2018-2019 оқу жылында өткен Халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндамасы жинаққа енді. Республикалық «USTAZ TILEGI» ұстаздар сайтында авторлық материалы жарияланды. Қазақстан Республикасы педогог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында Мектептегі мұғалім көшбасшысы ІІ-деңгей курсын аяқтап, сертификат иеленді.