Аюпова Назым
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
2008 жылы Бейнеу аудандық білім беру бөлімінің құрмет грамотасымен, 2011 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен наградталды. 2016 жылы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің алғыс хатымен, 2019 жыл Бейнеу аудандық білім беру бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2018 жылы «Білім айдыны» колледж және кәсіптік бағдар республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының белсенді авторы ретінде алғыс хатыменн иеленді. 2018 жылы Ziatker.kz-ҚР-ның Білім және Ғылым порталында көрсеткен белсенділігі үшін құрмет грамотасы, 2018 жылы Ziatker.kz ҚР-ның Білім және Ғылым порталында авторлық материал жариялағаны үшін алғыс хат тапсырылды. 2019 жылы Қабілет және ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Білім беру жүйесіндегі инновацияларды қолдану және жүзеге асырудың әдістемелері» атты ІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында дипломды, 2019 жылы «Білім, ғылым және мәдениет араларындағы инновациялар» атты халықаралық ғылыми-конференциясында баяндама жасағаны үшін сертификатты иеленді. 2019 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында 2019 жыл-Жастар жылына орай ұйымдастырылған «Жастар-қоғамның болашағы мен қозғаушы күші» атты облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға жетекшілік етіп, сертификат иемденді. 2020 жылы «Intolimp.kz-оқу әдістемелік орталығының» қолдауымен Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Үздік сабақ жоспары» атты сайыстан І дәрежелі дипломмен марапатталды.