Әбдіқадір Гүлзат Әбдіманапқызы
Жетістіктері
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Жеңіс елді мекені «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің тиімді әдістері» тақырыбында өткен тәжірибелік семинарда үлгілі оқу қызметін көрсеткені үшін аудандық білім бөлімінен мадақтама алды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуі мен білім беру саласының ерекше дамуына үлес қосқаны үшін «Жылдың үздік тәрбиешісі» болып танылды. 2019 жылы «мектепке дейінгі және бастауыш буын арасындағы сабақтастық ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында өткізілген ғылыми –тәжірибелік конференциясында жоғары дәрежедегі инновациялық идеялары мен тәжірибесімен бөліскені үшін Облыстық әдістемелік орталықтың директорынан мадақтама алды.2019 жылы Түркістан Облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған «педагогикалық дебют» Облыстық жас мамандар байқауында кәсіби біліктілігі мен озық идеялары, жоғары шығармашылық ізденісі үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жылы Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері үшін Түркістан Облысы білім басқармасының басшысынан Құрмет грамотасын алды. ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада сайтында балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасының І дәрежелі жеңімпазы. Республикалық «Өрлеу» порталының ұйымдастыруымен «Татулық –берекенің бастауы» атты байқауда үздік бейнеролик жариялағаны үшін І дәрежелі дипломға ие болды. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, жан-жақты тұлға қалыптастырудағы табыстары үшін Республикалық «Өрлеу» порталынан Құрмет грамотасына ие болды.