Баймолда Әлия Жақыпбекқызы

2900 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Нұр Сұлтан қаласы № 58 «Өркен» балабақшасы

2016 жылы Астана қаласы «Сарыарқа» ауданыны әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Е. Сағадиевтан Құрмет грамотасы берілді. 2017 жылы «Ақкөгершін» қалалық балалар қорының Президенті Т. Ескеновнадан «Үздік ұстаз» дипломы берілді. 2017 жылы Республикалық «Астана жұлдыздары» байқауына Абдумажитқызы. Е бас жүлдені иемденгені үшін Алғыс хат берілді. 2017 жылы Мәртебелі мамандық журналына «Бәрі де татулықтан басталады» атты өзін өзі танудан өткізген сабағы жарияланып, «Білім айнасы» журналына «Торсықты ою өрнекпен безендір» атты сабағы жарыққа шықты. 2017 жылы Астана Қаласы Білім Басқармасы әдістемелік кабинетінің «Әдіскер хабаршысы» кітапшасына «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың белсенділігін арттыру» атты баяндамасы; 2018 жылы ақпан айында «Білімдегі жаңалылықтар» журналының қосымшасында «Пішіндер әлемі» сабағы жарияланды. 2018 жылы қалалық ғылыми -тәжірибелік конференцияда баяндама оқығаны үшін Алғыс хат пен 2019 жылы Халықаралық «Пони» байқауынан диплом берілді. 2018 жылы Республикалық «Сөзмерген» медия студиясынан; Республикалық онлайн олимпиададан диплом берілді. Республикалық «Ziat» Ғылыми әдістемелік орталығы «Ізденімпаз тәрбиеші» және Республикалық үздік циклограмма байқауынан диплом иегері атанды.