Бигерестанова Гунжамал Жаркамбеевна

2958 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы № 273 орта мектебі

2015 жылы жас ұрпаққа жақсы тәрбие және ерен еңбегі үшін қалалық профсоюз басшысы Н.П.Адасевтан мадақтама алды. 2015 жылы «Орыс тілі» пәні білгірлерінің «Ой-сана» Облыстық байқауына белсене қатысқаны үшін басқарма басшысы Ғ.Жарқынбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы Саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан ерен еңбегі үшін Құрмет медалін алды. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының директоры Н.Ә.Жолтаевадан диплом, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының көшпелі семинар жұмысына қатысып, белсенділік танытқаны үшін дипломмен марапатталды.2016 жылы «Конспекты уроков» , videouroki және «Олимпис 2017- Весенняя сессия» мұғалімдер сайтына авторлық жұмысы жариялап, сертификатталды. Қызылорда облысына таратылған «Обновление содержания образования: ориентация на будущее», «Қазақтың тұнғыш режиссеры» атты әдістемелік жинаққа авторлық жұмыс жарияланды. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру, білім беру бағдарламасы бойынша160 сағаттық сабақты аяқтады. 2019 жылы Байқоңыр өңірінің әлеуметтік - экономикалық өсіп өркендеуіне ерекше үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Б. Намаевтан алғыс хатпен мадақталды. 2020 жылы Келешек Республикалық білім порталының «Қашықтан оқытудың негізгі және тиімді жолдары» онлайн конференциясының тыңдаушысы сертификатын алды. М.В.Ломоносов атындағы турнирде «Орыс тілі» пәнінен 3-дәрежелі лауреат дайындағаны үшін Ресей ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.И.Гагарин, Қазақстан бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы У.Э. Жумабековтан Алғыс хат алды.