Бисенгалиева Жайнагул Кабиевна
Жетістіктері
Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы, "Қарақұм орта мектебі" КММ
2015 жылы Республикалық мұғалімдердің қашықтан олимпиадасында аудан бойынша «Ең үздік нәтиже» сертификатына ие болды. Ziat ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Педагогикалық ізденіс» атты ІІ Халықаралық оқытушылар сайысында «Оқыту жүйесіндегі тұсаукесерлер» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды. 2015 жылы «Bs – press» педагогикалық әдістемелік орталығы ұйымдастырған қашықтықтан өткізілген Республикалық мұғалімдер олимпиадасында Қазақстан тарихы пәні бойынша І орынға ие болды. 2016 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасына ие болды.
2017 жылы Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш қозғалысы: тарихы,зерттелуі және жаңа ізденістер»тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық конференциясына баяндама жасап қатысып сертификатқа ие болды. 2018 жылы КИО Республикалық қашықтан интернет олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды. 2019 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қазылық еткені үшін Маңғыстау облысының білім басқармасының "Дарын" облыстық қосымша білім орталығының Алғыс хатымен марапатталды. 2020 жылы Республикалық "Қазақстан тарихы" блиц-турниріне қатысып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Баспа бетіне: «Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында коучинг семинар жоспары; «План коучинг семинара» тақырыбында коучинг жоспары; Республикалық «Білім айнасы» газетіне «1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір» тақырыбындағы ашық сабағы; «Білім айнасы» газетіне «Тарихи жәдігерлер» тақырыбындағы ашық сабағы жарияланды.
2018 жылы "Білім берудегі инновациялық технологиялар: тәжірибе,ізденіс және даму перспективалары" тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда "Тарих сабағына қойылатын талаптар" тақырыбында және
2020 жылы "Білім берудегі инновациялық технологиялар " тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда "Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері " тақырыбында баяндама оқып, дипломмен және сертификатпен марапатталды. Шәкірттері Обылықтың дододан Халықаралық деңгейде бақтарын сынып, жүлделі болды.