Бохаева Мадина Тастаевна

2972 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Түркістан облысы, Түркістан қаласы №23 ІТ-мектеп- лицейі КММ

2015-2016 оқу жылы Алтын ұрпақ зияткерлік олимпиадасында оқушысы І орынға ие болғаны үшін Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапаттады. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстанның педагогикалық академиясы» ҚҚ-ның президенті «Ең үздік шебер-сынып» номинациясын берді. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Білім беру ісінің үздігі» медалін иеленді. Халықаралық Ғылым мен Білімді қолдау орталығы ІV Республикалық «Мәңгілік ел үміттері» дарынды озат оқушылар антологиясына белсене араласқаны үшін диплом алды. 2016 жылы Қазақстан ұстазы Республикалық олимпиада жүлдегерлерін даярлағаны үшін Алғыс хатпен мадақталды. 2017 жылы ОҚО білім басқармасы «Заманауи сабақ – жеке тұлғаны дамыту сабағы» облыстық фестивалінде жүлделі І орын иегері. Республикалық «Білім шыңы-ғылым сыры» журналының «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісі берілді. Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми зерттеу орталығының «Ең үздік таныстырылым» номинациясын алды. 2018 жылы «Алтын ұя газетіне» Қазақстан топырағы сабақ жоспары жарияланды. 2018 жылы ОҚО білім басқармасы «ОҚО әдістемелік кабинетінен» Ең үздік жаңартылған сабақ байқауынан «Креативті ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды. Қазақстан педагогикалық академиясынан Алғыс хатпен және Түркістан облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадасында ғылыми-теориялық білімі мен кәсіби біліктілігін көрсеткені үшін мадақтама алды.