Булшекбаева Асем Исаевна

12 место в рейтинге
  • Общий бал: 5
  • /
  • Проголосовало: 2

Жетістіктері

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
2017 жылы ҚР БжҒМ, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша студенттер командасына жетекшілік жасап, І орынға ие болды.
2017-2018, 2018-2019 оқу жылдарында университеттің студенттеріне арналған 72, 73 ғылыми конференцияларында «Әлеуметтік педагогика» және «Өзін-өзі тану» мамандығының студенттері 1 орын, 2 орынды иеленді. 2017 жылы Scopus базасы бойынша Хирша жеңімпазы. 2018-2019 оқу жылы университеттің рейтінгілік көрсеткіші жоғары оқытушылар тізіміне енді. «Әлеуметтік педагогика» және «Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған жаңартылған білім мазмұнына сәйкес жасалған білім бағдарламасының құрастырушысы. «Қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан педагогтардың өзін-өзі жетілдіру бағдарламасының ғылыми-әдістемелік негіздері» атты Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері бойынша Республикалық гранттық қаржыландырған ғылыми жобасы авторларының бірі. 2018 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қарасты Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте«Мектепке дейінгі педагогика (Р.К.Бекмагамбетова, С.Н.Жиенбаева, А.Д.Сыздыкбаевалармен бірге)» оқулығы бекітіліп, баспадан жарық көрді. 2018 жылы «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жағдайында тұлғаның дүниетанымдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері» атты монографиясы жарық көрді. А.И.Булшекбаеваның зерттеу жұмысы бойынша отандық және шетелдік басылымдарда 100 ден аса ғылыми еңбегі жарық көрді. 6 мақаласы Scopus компаниясының деректер базасына кіретін импакт факторлы журналдарда жарияланған.