Құрмашева Амангүл Қуанышбайқызы
Жетістіктері
2016 жылы Республикалық «Алаш ұстазы» ғылыми-педагогикалық журналынан диплом, «Sabaq.kz» ұстаздарға арналған танымдық әдістемелік сайтынан Алғыс хат, 2017 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан Алғыс хат, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалынан ІІІ дәрежелі диплом, Ақтөбе облысының білім басқармасы сайтында материал жарияланғаны үшін, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан сертификат табысталды. 2018 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған Облыстық тарих пәні мұғалімдері арасындағы олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломмен, Ақтөбе облыстық білім басқармасынан құрмет грамотасымен, Ақтөбе облыстық «Ақ бөбек» сауықтыру орталығының Алғыс хатымен марапатталды. 2019 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының І дәрежелі дипломы, «Qaztest.kz» сайты ұйымдастырған республикалық олимпиадасынан ІІ дәрежелі дипломы, «Көкжиек» Республикалық сайты ұйымдастырған шығармашылық байқауынан диплом, Ақтөбе облыстық ғылыми –тәжірибелік орталығынан үздік сабағы үшін ІІ дәрежелі диплом табысталды. Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қорының Алғыс хаты, «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ПедСтарт қашықтық олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломы берілді. 2020 жылы Республикалық олимпиадасынан сертификатқа ие болды.