Құдас Бату Слямұлы

272 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,4
  • /
  • Проголосовало: 5

Жетістіктері

2015 жылы Семей қаласында өткен «Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында» алғыс хат иегері атанды. 2018 жылы «Білім әлемі» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз ұйымдастырған «Бүгінгі таңдағы жаңа білім берудің мәселелері мен болашағы» атты конференцияда «Қаңлылар» тақырыбында «Үздік сабақ» номинациясы бойынша алғыс хат пен дипломмен марапатталды. 2019 жылы Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылған қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Бекмаханов атындағы І Республикалық «Қазақстан тарихы» пәні олимпиадасында оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, тарих пәнін жоғары деңгейде көрсеткені үшін «Үздік тарихшы ұстаз» номинациясын иеленді. 2020 жылы Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылған қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Бекмахановтың 105 жылдығына орай мұғалімдер арасында өткізілген ІІ Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасына қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 2020 жылы «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық «Зияткерлік олимпиада – 2020» Халықаралық Қазақстан тарихы пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасынан жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020 жылы Tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайтынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. 2020 жылы Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылған қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Бекмаханов атындағы ІІ Республикалық «Қазақстан тарихы» пәні олимпиадасында оқушылары жоғары деңгейде көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.