Ержомарт а Меруерт Аскербековна
Жетістіктері
ШҚО, «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы
2016 жылы ШҚО Ұлан ауданының әкімінің орынбасары Р.Мамырбаевадан ауданның қоғамдық өмірінің рухани және әлеуметтік дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесі үшін мадақтама алды. 2016 жылы Ұлан ауданының білім саласына қосқан зор үлесі үшін ШҚО Ұлан ауданының білім бөлімінің басшысы Қ.Б. Оқасовтың Құрмет грамотасын иеленді. 2017 жылы «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы ЖШС директорының «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты қашықтан өткізілген байқауына қатыстырған жүлдегерлерін жоғары деңгейде дайындағаны үшін диплом иегері атанды. 2018 жылы Ұлан ауданының іскер әйелдер ассоциациясының 5 жылдық мерейтойына орай белсенді азаматтық ұстаным танытып, мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі мен халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына тұрақты қолдау көрсетіп, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға атсалысқаны үшін ШҚО Ұлан ауданының әкімі Н.А.Сақтағанов арнайы Алғыс хат табыстады. 2018 жылы Шығыс Қазақстан Облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін ШҚО Білім басқармасының басшысы С.Жумадилованың Құрмет грамотасын иеленді.