Еришова Асемгуль Сарсенгалиевна
Жетістіктері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№6 ЖОББМ» КММ, бастауыш сынып мұғалімі
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен, Qaztest.kz олимпиада сайтында ұйымдастырылған І Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» атты ұстаздар олимпиадасынан ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Nio.kz Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасына оқушыларды қатыстырып, жеңімпаз оқушылар дайындағаны үшін алғыс хат алды. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиадасынан ІІІ орынды, «Дарын» Республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасының ІІІ орынды иеленді.
«Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық мүшайраға шәкірт қатыстырғаны үшін, «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген І Республикалық «Ұлы дала жастарының жеті сыйы» атты байқауға шәкірт дайындағаны үшін,
«Самғау» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Білімді ұрпақ-бақытты болашақ» атты ІІІ Республикалық шығармашылық «көркем сөз» байқауында жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпазды дайындағаны үшін мадақтамамен наградталды. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиада ІІ орынды иеленді. Алматы қаласы Республикалық ұстаздарға арналған «Өрлеу» порталынан «Сөз өнері» атты авторлық бағдарламасы жарық көрді.