Шормакова Шолпан Ботановна
Жетістіктері
Алматы облысы , Іле ауданы, Өтеген батыр кенті
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебі
Еңбек өтілі-26 жыл, жоғарғы санатты педагог
2013-2014 оқу жылында Талдықорған қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында Қ.Р Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері ) деңгей мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификатталдым.
2014 жылы сәуір айында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Қазіргі заманғы жоғары оқу орнына дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми теориялық конференциясына қатысып, «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
«Білім беру үрдісінде Кембридж тәсілдерін қолдану » тақырыбындағы мақалам осы жинаққа енгізілді.
2014-2015 оқу жылы Республикалық «Өрлеу» Білім-ғылым технология порталының «Мадақтама» қағазымен, «Ұлағатты ұстаз» медалімен марапатталдым.
2015-2016 оқу жылы
Халықаралық «Videouroki.net» қашықтықтан оқыту пән олимпиадасына 7 оқушым қатысып, 5 оқушы 3 орын дипломмен марапатталып, 2 оқушым сертификат иеленді. Өзім «Алғыс хатпен» марапатталдым.
18 қараша 2016 жыл «Өрлеу Біліктілікті арттыру орталығы» ұйымдастырған «Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесін қолданудың білім сапасын көтеруге әсері» атты облыстық семинарға қатысып, сертификат иелендім.
9 желтоқсан 2016жыл «Бастауыш сыныпты оқытуда критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларына көрсеткен шығармашылық жетістігім үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
«Ақ бота» интелектуалдық марафонында 3 оқушым 1 орын алып, Дипломмен марапатталды.
Халықаралық «Кенгуру» интелектуалдық сайысында 2 оқушым 1 орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.
Республикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» редакцияның ұйымдастырумен өткізілген «Жылдың үздік мұғалімі» жобасына қатысып, «Жылдың үздік мұғалімі» медалімен, Грамотамен марапатталдым.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы білім берудегі инновациялық бағыттар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында «Блум таксономиясының танымдық деңгейлері» тақырыбында мақалам, әдебиеттік оқу пәнінен «Қаным бұлақ» тақырыбында өткізген сабақ жоспарым жарық көрді. Жұмысым «Жылдың үздік сабағы» жинақ кітабына енгізілді.
2015-2016 оқу жылының 11.07-29.07 аралығында Талдықорған қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Бастауыш сынып пәндері бойынша оқыту курсын аяқтап, сертификатталдым.
2016-2017 оқу жылы
«Табиғат және адам» марафонында 1 оқушым 2 орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.
«Өрлеу Біліктілікті арттыру орталығы» ұйымдастырылған «Педагогтармен ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысып, сертификат иелендім.
«VIDEOUROKI» сайтына 2 сабағымды, «КОМПЭДУ» сайтына 1 сабағымды, «Kopilka urokov.ru» 4 сабағымды жіберіп, куәлік иелендім.
10.04-22.04 2017 жылы аралығында Талдықорған қаласында Педагогикалық шеберлік Орталығы Әзірлеген «Тәжірибедегі рефлекция» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларын кәсіби даму бағдарламасы бойынша курстан өтіп, сертификатталдым.
«Алматы Облысының Білім Басқарамсы» М.М «Әдістемелік кабинеті» МКҚК «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында 1-сыныпта оқыту үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында дискуссиялық алаңға қатыстым. «Логикалық есептер » тақырыбындағы сабағымды қорғап, іс-тәжірибеммен бөлістім.
2016-2017 оқу жылының соңында Қ.Р Білім және Ғылым Министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
2017-2018 оқу жылы
2017 оқу жылы Білім орталығында «Bilgen-OySana» (менталды арифметика, логикалық есептер, логикалық ойындар) курсының 1-деңгей толық меңгергендігін және нұсқаушы екендігін растайды. Нұсқаушы «Bilgen-OySana» менталды арифметика курсы бойынша мектеп оқушыларын оқытуға құқылы, сертификатын иелендім.
«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Алматы қаласы Білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
Халықаралық «Пони» байқауына оқушыларым қатысып, Исембайқызы Амина медаль және жеңімпаз дипломымен, Нигматұлы Жандос, Молжанова Жұлдыз жүлдегер дипломымен марапатталды. Өзім осы байқауға жүлдегерлер дайындағаным үшін «Дипломмен» марапатталдым.
Қаңтар айында Астана қаласы мұғалімдер арасында өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасына қазақ тілінен онлайн тесте І-дәрежелі дипломмен марапатталып, сертификат иелендім.
Астана қаласы Қ.Р Білім Ғылым Министірлігі «Өрлеу» Республикалық Ғылыми Әдістемелік Орталығы ұйымдастырған олимпиадаға 12 оқушым математика пәнінен онлайн тесте қатысып, 2- оқушым 1 орын, 10 оқушым 2- орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды. Өзім Республикалық Олимпиадаға жүлдегерлер дайындағаным үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым.
Ақпан айында Республикалық білім порталына Әдістемелік материал және сабақ жоспарын жіберіп, Әдістемелік тәжірибе алмасып белсенділік танытқаным үшін Bilimger.kz орталығының Құрмет грамотасымен марапатталып, сертификат иелендім.
Халықаралық «Ментальді арифметикаға » Аосхан Інжу Ердосқызы қатысып, диплом және ІІІ-дәрежелі медаль иеленді.
Республикалық Интернет Олимпиадасына қазақ тілінен 10 оқушы, 5 оқушы математика пәнінен қатысып, бәрі І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларымды олимпиадаға дайындағаным үшін, «Алғыс хатпен» марапатталдым.
7 сәуір күні «Нұрлы жастар» Республикалық көркем сөз байқауына Нигматұлы Жандос, Қалдыбек Сания Нұрмағамбетқызы қатысып, екеуі де ІІІ-дәрежелі лауреат атанды.
15 сәуір күні өткен «Шексіз математика» сайысына Молжанова Жұлдыз, Жұнұс Аяна, Қайыпжан Алдияр қатысып, нәтижесі күтілуде.