Қайырбай Қанат Сатыбалдыұлы

6 место в рейтинге
  • Общий бал: 4
  • /
  • Проголосовало: 4

Жетістіктері

«Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Білім беру саласының үздігі», «Үздік педагог» төсбелгілерінің иегері. НАРХОЗ университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің, АЭСА академиясының, Алматы қаласы әкімінің және Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Ағарту, ғылым және мәдениет мәселесі жөніндегі БҰҰ және Қазақ ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Алғыс хатына ие болды. «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 жылы Аудандық, қалалық, республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасының бірнеше мәрте жүлдегері атанды. Жалпы білім беретін мектептің 8, 9, 10-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы, хрестоматиясы, мұғалім кітабы, ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен (Барлығы 12 кітап), 5-11-сынып оқушыларына, талапкерлер мен колледж студенттеріне ҰБТ-ға дайындалуға арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» оқу-әдістемелік құралдарының авторы.