Кұлихан Орман

508 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Жетістіктері

2018 жылы Тоғызқұмалақтан Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары федрациясының мүшесі Қ. Бітібаеваның есіміне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мерекесіне арналған жасөспірімдер арасындағы Өскемен қаласының жекелей және командалық біріншілігінде жеңімпаздармен жүлдегерлер дайындағаны үшін мадақтама берілді. «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында өткізілген қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 173 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты әдеби қонақжайға қатысып тоғызқұмалақтан мастер-класс өткізгені үшін Алғыс хат берілді. 2019 жылы Өскемен қаласы Дене тәрбиесі және спорт бөлімі мен УМЗ кәсіпорыны бірлесіп өткізген Е.П. Славскийды еске алуға арналған 1 км жүгіру жарысында ІІ орын алғаны үшін диплом табысталды. «Шығыс Қазақстан обылысының жастар маслихаты» қоғамдық бірлестігі ұйымдасытрған тоғызқұмалақ турнирне қосқан үлесі үшін Алғыс хат берілді. Тоғызқұмалақтан жастар арасындағы ШҚО жекелей чемпионатында үздік ойыншылар дайындағыны үшін дипломмен марапатталды. USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат берілді. Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үздік сабақ жоспары» IV Республикалық педагогикалық сайысында ІІ орын дипломмен марапатталды. Дарабоз оқу орталығының ұйымдастыруымен 2020жылдың 8-24 сәуір күнері аралығында өткен Республикалық «Үздік ашық сабақ» конкурсына қатысып Бас жүлдеге ие болды.