Кусайнова Гулсара Ибраевна
Жетістіктері
2015 жылы «Құндылық білім беру идеясын жүзеге асыру: мәселелер, ізденістер, шешімдер» атты ІҮ Республикалық ғылыми –практикалық конференциясында мақала дайындағаны үшін І дәрежелі диплом беріліп, мақаласы жинаққа енді. 2017 жылы «Оқулықтардың және оқу – әдістемелік кешендердің сараптама, сынақ нәтижелерін қарастыру жөніндегі Пәндік комиссия жұмысындағы кәсіби біліктілігі мен жоғары жауапкершілігі үшін Алғыс хатқа ие болды. 2018 жылы «Өрлеу Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы» «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру аясында І республ икалық олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін Алғыс хат, «Skills Academy» «Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры» атты республикалық оқушылар байқауында шәкірттер дайындап, қатыстырғаны үшін Алғыс хат, RCDO.KZ Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы ұйымдастырған Жалпықазақстандық олимпиадасына жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат табысталды. Жетекші мектептері ұстаздарының тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарда математика пәнінен ашық сабақ өткізгені үшін облыстық Алғыс хат, Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін құрмет грамотасы, Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған қашықтық олимпиадасынан І дәрежелі диплом берілді. 2020 жылы Daryn. Online білім беру платформасы мен Qaztect.kz олимпиада сайты бірлесіп ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломмен, Республикалық «OIZEREK» қашықтықтан шығармашылық байқау өткізу порталына оқушы қатыстырып, нәтижесінде үздік бағалауға ие болғаны үшін мадақтамамен марапатталды.