Аймагамбетова Саним Бисенбаевна

195 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,64
  • /
  • Проголосовало: 14

Жетістіктері

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жоғары санатты педагог

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин » төсбелгісінің, «Маңғыстау облысына 40 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарының иегері, мектеп тренері. 2013 жылы облыстық «Үздік педагог» байқауында ІІ орынды иеленді. 2014 жылы шыққан өңірдің ағарту саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы жайлы тағылымды мағлұматтар жинақталған «Маңғыстау мұғалімдері» энциклопедиясына енді. 2015 жылы «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы тұлғалық зияткерлікті дамытудағы педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы Республикалық педагогикалық идеялар фестиваліне қатысып, сертификатпен марапатталды. Республикалық «Ғылым» баспасынан шыққан «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің 2015-2016 оқу жылындағы жинағына енді. 2016 жылы аудандық сынып жетекшілер форумында «Үздік портфолио» бөлімі бойынша ІІ орын иеленді. 2017 жылдың нәтижесі бойынша Маңғыстау әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен педагог қызметкерлерді марапаттау рәсімінде «Үздік әдістемені ұсынушы» номинациясына лайықты деп танылып , сертификатпен (500 000 мың теңге) марапатталды.
Шәкірттері түрлі аудандық, республикалық пәндік олимпиадаларда, сонымен қатар ғылыми жобалар мен түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.