Кулмаганбетова Фарида Сейткеримовна
Жетістіктері
2015 жылы «Бөбек» ҰҒПББСО Респуликалық семинарынан қатысқаны үшін сертификат, Облыстық үздік интерактивті байқауда үшінші орын, облыстық «Өзін-өзі тану-гуманистік құндылықтар бастауы» үздік интерактивті байқауда екінші орын, «Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауында бас жүлде марапатын иеленді. 2017 жылы «Өзін-өзі тану және жаратылыстану пәндерінің интеграциясы» облыстық оn-line байқауында үшінші дәрежелі дипломын, Интеграцияланған сабақтардың Республикалық конкурсына қатысқаны үшін сертификатын, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың әкімшілігінен Алғыс хатын иеленді. 2018 жылы «Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жергілікті аймақтарда жүзеге асырылу жағдайы» тақырыбында өткен облыстық дөңгелек үстел жұмысының қатысушысы сертификатын, «Тәрбиеші тәлімі» облыстық ғылыми-әдістемелік журналына авторлық материал жариялағаны үшін сертификатын иеленді. Ең үздік сабақ жоспары республикалық байқауында III дәрежелі дипломға ие болды. 2019 жылы Халықаралық – ғылыми практикалық конференциясынан диплом алды. «Ата-ананың тәрбиесі-бала мінезінің іргетасы (Ата-аналарға арналған кеңестер) Авторлық бағдарламасы жарыққа шықты. 2020 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының психологтарға арналған олимпиадасынан 3-орын дипломына, Республикалық педагогика және психология олимпиадасынан qaztest.kz cертификат, ІІІ дәрежелі диплом берілді. Оқушылары көптеген халықаралық байқауларды І,ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.