Дуйсенғалиева Анар Ануаровна
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Еңбек өтілі: 31 жыл. Жоғары санатты педагог
2013 жылы Бейнеу аудандық білім бөлімінің «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба конкурсына оқушыны дайындағаны үшін сертификат иеленді. 2014 жылы «Тілші мұғалімдер-2014» байқауына қатысып,ауданда І орынды, облыста жүлделі ІІ орынды иеленді. 2015 жылы Бейнеу аудандық білім бөлімінің. Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеуде қол жеткен табыстары үшін алғыс хатын иеленді. 2016 жылы Бейнеу ауданы әкімінін Ққрмет грамотасының иегері. 2016 жылы халықаралық фестиваль-конкурсына оқушы дайындағаны үшін алғыс хат, 2017 жылы Республикалық «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының финалына өтуші сертификат иеленді. 2017 жылы «Үздік педагог-2017» байқауының аудандық кезеңінде бас жүлде иегері атанды. 2017 жылы «Жыл адамы-2017» байқауының аудандық кезеңінде ІІ орын иегері атанды. 2018 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған Республикалық қашықтық олимпиадада аудан бойынша І орын, облыс бойынша ІІІ орын иеленді. 2018 жылы «Мен-өз елімнің патриотымын» Рспубликалық интернет-байқауында білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс хат, 2018 «Парасат» Республикалық білім сайтының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Менің әлемім» атты үздік эссе байқауына оқушысын қатыстырып,белсенділік танытқаны үшін диплом иегері атанды.
Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалардан және түрлі байқаулардан жүлделі орындарға ие болып жүр.