Килыбаева Айгул
Жетістіктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жоғары санатты педагог
Облыстық білім басқармасының алғыс хат иегері. ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасының иегері, мектеп тренері. 2014 жылы «Химияны оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбындағы баяндамасы Республикалық ғылыми–практикалық конференция материалдары жинағында жарық көрді. Аталған конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін алғыс хат иегері. 2014 жылы «Жаңа форматта педагогикалық қызметті қалыптастыру» аудандық семинарында «Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг өткізді. 2015 жылы Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығы сараптау комиссиясының шешімімен «Химия, биология пәндерінен сындарлы оқытуға негізделген сабақтар» тақырыбындағы іс-тәжірибесі бекітіліп, аудан көлемінде таратылды. 2015 жылы «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы АКТ-ның ролі» тақырыбында өткен облыстық семинарда «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында коучинг өткізді. 2017 жылы аудандық «Критериалды бағалауда кері байланыстың тиімділігі» семинарында аталған тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Жұмыс істеген жылдарында оқушылары аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді.